Бүгін Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған “ Қазіргі заманда адами қасиеттерді бойымызға сіңіруде ғаламтордың пайдасы мен зияны ” атты пікір-талас өтті. Бұл пікір-таласқа Щучинск педагогикалық колледжінің студенттері мен «Ақбота» бөбекжайының педагогтары тобынан құралған жақтаушы және даттаушы топтары қатысты. Бұл іс-шарада екі топ адами қасиетттер туралы, ғаламтордың пайдасы мен зиянды жақтарын талдап, көрсетті. Өздерінің ойларын дәлелдеу үшін бейнероликтер көрсетіп, ортаға өз ойларын салды. Бөбекжай психологы Галеева К.А бірнеше психологиялық тренингтер өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Пікір-тлас соңында е қатысқан топтар өз жұмысының қорытындысын, жоба ретінде қорғап шықты. Пікір-талас өте қызықты, көңілді өтті. Шучинск қаласының педагогикалық колледжінің студенттері бұл пікір-таласқа белсене қатысса, ал бөбекжай педагогтары өздерін басқа қырынан көрсете білді.