Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі заманда адами қасиеттерді бойымызға сіңіруде ғаламтордың пайдасы мен зияны

26.11.2019

Адамзат баласы білім мен технология саласында қарыштап дамығанымен, адам абыройын қорғау мен жоғарылатуда алға баса алмай келеді. Сол    себепті  мәңгілік құндылықтарды адам бойына қалыптастыруымыз          керек. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам    деп    атауға болады. Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.  Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды адами қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында....

Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында  Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған “ Қазіргі заманда адами қасиеттерді бойымызға сіңіруде ғаламтордың пайдасы мен зияны ” атты пікір-талас өтті. Бұл пікір-таласқа  Щучинск педагогикалық колледжінің студенттері мен «Ақбота» бөбекжайының педагогтары тобынан құралған  жақтаушы және  даттаушы топтары қатысты. Ш-22 топтың старостасы Нағашыбаева Үмітай бастаған даттаушы топ ғасырдың індеті ғаламтордың адамзатқа зиянын талдап, көрсетіп берсе, Нұрланқызы Жансая, Кусаинова Алтыншаш есімді студенттер ғаламторсыз-ақ адами құндылықтарды игеруге болатынын айтып өтті.  Педагогтар тобының спикері Сатыбалдинова Жанерке қазіргі цифрландыру заманында ғаламторсыз өмірдің мәні жоқ екен айтса, Айтжанова Алмагүл, Жалманбетова Райхан пайдалы жақтарын нақты  көрсетіп берді. Өздерінің ойларын дәлелдеу үшін бейнероликтер көрсетіп, ортаға өз ойларын салды. Пікір-талас өте қызықты, көңілді өтті.  Бөбекжай психологы Галеева К.А бірнеше психологиялық тренингтер өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Пікір-талас соңында қатысқан топтар өз жұмысының қорытындысын, жоба ретінде қорғап шықты. Шучинск қаласының педагогикалық колледжінің студенттері бұл пікір-таласқа белсене қатысса, ал бөбекжай педагогтары өздерін басқа қырынан көрсете білді.
         Қорыта айтқанда,  бұл пікір таласта құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Заманымыз өзгерсе де, қанша жерден цифрландырылған дәуір болса да, біз адамгершілігімізді жоғалтпауымыз керек.  Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адам ақыл-ойын жаңғыртып, санасын өзгертсе,  сонда әлем де жаңарып, өзгереді деген сеніммен  пікір-таласымызды аяқтадық.
 

Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының

 әдіскері Бекенова М.Д

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст