Текст
Мектепалды «Қошақан» тобында сауат ашу негіздерінен «Б» әрпі мен дыбыс тақырыбында ұйымдастырылған іс – әрекеті өтті. Мақсаты балаларды «Б» әрпімен таныстыру, оны жазуға үйрету болып табылды. Жылулық шеңберімен басталып, балалар бір – біріне деген жылы сөздерін жолдады. «Б» әрпінің дауыссыз дыбыс екені айтылып, таныстырылды. Балалар оны көк текшемен белгілейтіндерін айтты. «Б» әрпінен басталатын жаңа сөздермен танысып, оларды буынға бөліп оқыды. Мысалы: ба-ла, ба-та, деген сөздерді буынға бөліп, дауысты, дауыссыз дыбыстарды атап берді.