Текст
Би жетекшісі Диана Қанатқызы мектепалды “Қошақан” тобының балаларымен би оқу іс-әрекетінде халық билерінде кездесетін негізгі қимыл-әрекеттерді үйреніп қана қоймай, пластикалық қозғалыстарға жаттығады. Оқу іс-әрекетінің соңында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі әуендерге 10 минут еркін ырғақта билейді. Балалардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының үйлесімділігін, икемділігін қалыптастыратын ритмикалық жаттығуларды орындайды. Осындай ырғақты жаттығулардың мақсаты - әуен ырғағына ере отырып, өз денелерін еркін қозғалысқа енгізе отрып, жеңіл және күрделі қимылдарды өздегінен орындай алуға машықтандыру болып табылады.