Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ІІ ортаңғы "Балдырған" тобының тәрбиешісі Мукажанова Асель Амангельдіқызының ұйымдастыруымен математика негіздерін үйренуде 1-5ке дейінгі сандарды тура және кері санау іс-әрекеті балалармен өткізілді. Ұйымдастырылған іс-әрекетте сандарды ажырату, сәйкестендіру, құрастыруды балалар өз ынталарымен жасады. "Өз досыңды ата" дидактикалық ойынына балалар қызығушылықпен қатысып, өз достарын атады.