Нейробика – адамның миына арналған кешенді жаттығу жинағы. Бір сөзбен айтқанда, Нейробика – мидың ұтымды жұмыс істеуіне қолдау білдіретін аэробика. Нейробика мидың ауыртпалығын жеңіп, оның қосымша энергияға кенелуіне көмектеседі. Сөздің шығу тегіне қарайтын болсақ, «нейрон» + «аэробика», яғни, «нейрондарға арналған жаттығу» мағынасын береді. Лоуренс есімді америкалық нейробиолог аталған терминді ғылыми айналымға енгізген. Ал «нейрон» деп мидағы жасушаларды айтамыз. Адамның бұлшықеттеріне үлкен физикалық қуатты жеткізетін жаттығулар қажет болса, миға қарапайым қимылдың өзі жеткілікті болады. Нейробика кімге қажет?
Ғалымдардың зерттеу бойынша, нейробика барлық жастағы адамдарға пайдалы болады екен. Нейробиканың жаттығулары балалардың ойын жинақтай алуына көмектеседі. Нейробиканың басты ерекшелігі онымен айналысуға арнайы орынның қажеті жоқ. Кез келген уақытта, кез келген жерде миыңызды тынықтырып алуыңызға болады.