Текст
Бөбекжайда серуенді ұйымдастыру жұмыстары балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді. Сондықтан да табиғаттың сұлулығын, жаңалығын түсініп ,жан дүниесімен қабылдап және табиғатты сүйіп, қорғауға үйрету әрбір тәрбиешінің басты міндеті болып табылады.Тәрбиеші балаларды серуенге алып шыққанда, қоршаған ортаның әрбір кереметін балаларға жеткізіп, олардың санасындағы алуан түрлі ойларын, қиялдарын оятып және одан әрі дамытуға тәрбиелеу қажет.