Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы "Балдырған" тобында Балалар жылына байланысты ұйымдастырылған "Ең бақытты сәт "атты мерекелік сайыс өткізілді. Осы мерекелік сайысымыздың мақсаты жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу де ата -анамен байланысты нығауту, ата-аналарды бөбекжай өміріне тарту болып табылды.Мерекелік сайыста көптеген тапсырмалар орындалды. Қатысқан ата-аналар өз өнерлерін көрсетіп, балаларымен бірге мәз-мәйрам болды. Ата-аналар өз бүлдіршіндерінің фото суреттерінен коллаж жасап, ең қызықты сәттерін көрсетіп, айтып берді. Ата-анамен өткізілген осындай сәттер бала жүрегінде ең бақытты сәттердің бірі болып қалатыны сөзсіз.