Текст
Музыка жетекшісі Диана Қанатқызы мектепалды “Қошақан” тобының балаларымен “Арам-зам-зам” әуенінде музыкалық ырғақты қимылдар жасады. Музыканың және қимылдың қарама-қарсылық, қайталанушылық сипаты өзара сәйкес келеді. Жеңіл ырғақты қимылдар-қол соғу, аяқ топылдату арқылы, динамикалық қарқындық сәттер-қимылды жылдамдату, бағытын өзгертумен айқындалады. Музыкалық-ырғақты қимылдар балалардың еріктік, әсерлік, танымдық қабілеттерін де дамытады.