Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою және №190 Конвенцияны ілгерілету үшін халықаралық күрес күні шеңберінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жоюға шақыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада " гендерлік зорлыққа қарсы белсенді 16 күн" зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлықты арттыру, әйелдер мен қыздардың мүдделерін қорғау және тәжірибе алмасу бойынша жаһандық әрекеттерге шақыруға бағытталғаны жайлы айтылды. Биылғы жылы "Бірігіңіз! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату белсенділігі" атты акциямен жұмыс жасалуда. Бөбекжайымыздың психологы бөбекжай қызметкерлерімен тренинг өткізді.