Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақшаң қалай, балақай?

09.12.2019

                 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушілері арасында  «Қазақшаң қалай, балақай?» атты балабақшалар арасындағы облыстық байқауы өткізілді.

"Мемлекеттік тіл-балаларымыздың болашағы"

          Қай елде өмір сүрсең, сол елдің тілін білуге, құрметтеуге міндеттісің. Бұл әрбір азаматқа қатысты талап. Тілдерді қолдану мен дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» деп нақты атап көрсетілген. Бұл мемлекеттік талап та өзге ұлт өкілдеріне және балаларына мемлекеттік тілде оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр. Өзін осы елдің перзентімін деп ойлайтын адам туған елі мен өскен өлкесінің тарихы мен   мәдениетін, жергілікті ұлттың тілін білгені жөн. Бұл оның азаматтық тұлғасын айқындайды. Мемлекеттік тіліміздің дамуына көптеген іс-шаралар,байқаулар өткізіліп тұрады.Осындай байқауларға қатысып жатамыз.
  14-18 қазан аралығында  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушілері арасында  «Қазақшаң қалай, балақай?»  атты балабақшалар арасындағы облыстық байқауы өткізілген болатын. «Қазақшаң қалай, балақай?» атты облыстық байқауға Циалковский көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайында  өзге ұлт балаларымен, "Біз әжеге қонаққа барамыз" атты байқауға қатысуға ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.

        Желтоқсан айының яғни 4-ші жұлдызы күні, байқау қорытындысының шешімі шығарылып, облыс көлемі бойынша "Ақбота" бөбекжайы "Креативті сабақ" атты номинация және  бағалы сыйлық: түрлі-түсті принтерге ие болдық.

      Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі,тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

 

                                                                                 

«Ақбота» бөбекжайының

Қазақ тілі мұғалімі Г.Елубекова

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст