Елімнің атын айтсам - Қазақстан ,
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толған мекен ,
Байлығын атын айтсам - Қазақстан !
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне арналған " Тəуелсіздік деп соғады жүрегіміз " атты мерекелік іс-шара қазақ тілі мұғалімі Дүйсембай Аружан Бауыржанқызының ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік іс-шараның мақсаты балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу болып табылды. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнімен басталып, тəуелсіздік күніне арнап өлең шумақтарымен жалғасын тапты. Тәрбиеленушілер би билеп, ән салып, тақпақтар айтылды.
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін əр адамға бақыт қонсын!
Елімнің ел ағасын халқы қолдап,
Қазақстан жеріміз аман болсын! Мерекелік іс-шара жақсы деңгейде өтті.