Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды кітап оқуға баулу.

15.12.2022

Балаларды кітап оқуға баулу.
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата - аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата - аналарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан - ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Үнемі газет - журнал, кітап оқып отырған ата - ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі.
Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.

Просмотров: 176


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст