МКҚК “Ақбота” бөбекжайында “Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік” атты мерекелік іс-шара музыка жетекшісі Бейсенбаева Диана Қатантқызының жетекшілігімен өтті. Іс-шараға бөбекжайымыздың мектепалды "Құлыншақ", "Қошақан", ересек "Ботақан", "Көбелек", санаторлық "Балбөбек" топтары қатысты. Балаларымыз ән айтып, би билеп, тақпақтарын орындады. «Тәуелсіз ел ұраны» әнін Оралова Айлин орындаса, мектепалды тобының ұлдары «Қазақтың баласымын» биін биледі. «Туған ел» әнін трио Амина,Сара,Аяулым атты әнші қыздарымыз айтып, мектепалды тобының қыздары «Қамажай» биін биледі. Санатаорлық топтың тәрбиеленушісі Сезім «Біз бақытты баламыз» әнін шырқап берді. Ересек топтары "Бим Бом" биін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік кеш "Құлыншақ" тобының тәрбиеленушісі Қайролла Асанәлінің «Егемен елі» әнімен және «Туған жер» әнімен аяқталды.Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді.