Текст
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Абдыкалыкова Дана Сериковнаның жетекшілігімен кіші "Балапан" тобында тәуелсіздік мерекесіне орай " Күн дидарлы Қазақстан" атты тақырыптық сағаты өткізілді. Мақсаты балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылды.