Сатыбалдинова Жанерке Ержановна "Күншуақ" ортаңғы топта сөйлеуді дамытудан "Шанамен сырғанаймыз" тақырыбында ашық ҰОҚ-ін өткізді. ҰОҚ-і өте жақсы деңгейде өткізілді. Қ.Мырза Әлидің "Шана" өлеңі оқылып, қыс мезгілі туралы суреттермен жұмыс жасалынды. Видео арқылы "Ақбота" бөбекжайына Аяз ата келе жатқаны көрсетіліп, балалар Аяз атаны күтіп отырды. Аяз ата келіп, шана толы сыйлықтарын балаларға тарту етті. Балалар әр сыйлықты ашып, тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар арқылы балалар жұмабақтар шешті, мнемокесте арқылы әңгіме құрастырды, "Қысқы киімдерді ата және киіндір" "дидактикалық ойыны ойналды, шығармашылық қабілеттерн ашуда "Суретті аяқта" тапсырмасында шанада бала суретін бояды. Балалар белсене қатысып, сұрақтарға толық жауап берді. ҰОҚ-і стандарт талабына сай өтті.