Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешілері Айтжанова Алмагүл Сағындыққызы, Уалиева Ризагүл Сағындыққызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында "Балапан", "Нұрсәуле" тобының әкелермен «Әке-алтын діңгек» атты іс шара өткізді. Іс-шараның мақсаты- балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеумен қатар, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру болып табылды. Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып, сұрақ-жауап жүргізілді. Мақал құрастыру кезеңінде қиылған буындардан мақал құрастырып, «Садақ ату» ойынында әкелер өздерінің мергендіктерін садақ атып, көрсете білді. Өнер кезеніңде Ержан Амирдің әкесі домбырамен ән айтты. «Қамшы өру», «Қол күрес» өнерлерінде әкелеріміз белсене қатысып, орындады. Іс-шараның соңында «Қара жорға» биін билеп, қатысқан әкелер мадақтамалармен марапатталды.