Текст
Луначарский көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайында 20 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізіліп жатқан айлық аясында «Жұлдыз» ересек тобының балаларымен денешынықтыру нұсқаушысы Калыков Бауыржан Кеңесұлының ұйымдастыруымен спорттық іс –шара өтті.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.