Текст
МКҚК "Ақбота' бөбекжайындағы "Балбөбек" санаторлық тобында тәрбиешілер таңғы қабылдауда мынадай мақсат-міндеттерді алға қояды. Тәрбиеші ата-аналармен және балалармен амандасып, көңілді қарсы алу болып табылады. Балалар шешінгенше, тәрбиеші ата-аналармен сөйлесіп, баласының қалай ұйықтап шыққанын хал-жағдайын сұрап біледі. Таңғы қабылдау смайлик суреттерді таңдау арқылы, мысалы, құшақтасу, сәлем, жақсы көремін, қол беріп амандасу белгілері, сөйлесу арқылы, сұрақ-жауап арқылы, бүгін сенің көңіл-күйің қалай?, қалай демалдың? т.б.сұрақтар қою арқылы қабылдайды.