Текст
Балалар таңертең бөбекжайға келгенде тәрбиеші олардың ата аналарын және өздерін жақсы көңіл-күймен қарсы алып, амандасады. Балалар шешінгенше ата -аналармен сөйлесіп, баласының денсаулығын, қалай ұйықтап шыққанын білуі қажет. Жақсы ауа райында балаларды жылдың кез келген уақытында таза ауада қабылдау керек. Егер бала ұялшақ, көңіл -күйі болмаса тәрбиеші онымен ойнайтын балаларға қосуға, ойыншықтарды таңдауға көмектесуге, баламен ойнауға немесе оған қандай да бір нақты тапсырма беруге көмектесуі тиіс.