Текст
МКҚК"Ақбота" бөбекжайы І ересек "Ботақан" тобында таңғы қабылдау.
Таңғы қабылдауды тәрбиеші ата-аналарымен және балаларымен амандасып, көңілді қарсы алудан бастайды. Балалар шешінгенше, тәрбиеші ата-аналармен сөйлесіп баласының денсаулығын, қалай ұйықтап шыққанын біледі.Баланы ата-анасынан қабылдап аларда дене қызуын өлшеп, денесін тексереді. Балаларды қабылдау ауада, сондай-ақ үй-жайда жүргізілуі мүмкін. Балалардың сыртқы түріне назар аудару қажет. Егер бала ұялшақ, көңіл-күйі болмаса тәрбиеші онымен ойнайтын балаларға қосуға, ойыншықтарды таңдауға көмектесуге, баламен ойнауға немесе оған қандай да бір нақты тапсырма беруге көмектесуге тырысады