Текст
Мектепке дейінгі ұйымдарда серуен күн тәртібінің ең маңызды бөлігі. Балалар әр жыл мезгіліне сай күнделікті серуенге шығады. Серуен ол бала денсаулығына және күні бойғы көңіл күйіне жақсы әсер береді. Күн тәртібі бойынша мектепалды "Қошақан" тобының балалары да серуенге шықты. Серуен кезінде бір - бірімен асыр салып ойнады. Көңілдері көтерілді. Аула сыпырушы ағайға көмектесіп, ойын үйшіктердің қарларын тазартып қолғабыс тигізді. Таза ауада демалып біраз сергіп бойларын жазды. Ата аналарға баламен таза ауада көбірек қыдырып демалуға кеңес береміз,-деді мектепалды тобының тәрбиешісі Жұлдыз Жүгериевна