Бүгін Уәлиханов көшесіндегі МКҚК "Ақбота" бөбекжайында «Тәрбиешінің жұмысында Луллия шеңберлерін қолдану» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің тәжірибелік алаңы болып өтті. Тәжірибелік алаңда "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешілері өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, шебер-сынып өткізді. Семинарды бөбекжайдың кішкентай тәрбиеленушілері ән базарлықтарымен ашты. «Луллия шеңбері-сиқырлы шеңберлер» тақырыбында «Балбөбек» санаторлық тобының тәрбиешісі Атабаева А.С, «Луллия шеңберін қолданудың тиімділігі» тақырыбында «Нұрсәуле» ортаңғы тобының тәрбиешісі Есиркепова Б.Ж, «Балалардың тілін дамытуда Луллия шеңберін қолдану» тақырыбында II ересек «Көбелек» тобының тәрбиешісі Ибраева С.М, «Луллия шеңберлерінің ерекшеліктері» тақырыбында «Қошақан» мектепалды тобының тәрбиешісі Қасқырбаева Ж.Ж, "Луллия шеңберлері арқылы балалардың тілдерін, қиялдарын, ой-өрістерін дамыту" тақырыбында Циалковский көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайы "Қарлығаш" тобының тәрбиешісі Курмангазина Н.К шебер-сыныпта Луллия шеңберлерін қолданып, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Семинар соңында бөбекжай психологы Мукажанова А.А тренинг өткізіп, қатысушыларға көңіл-күй сыйлады. Өте қызықты, тың ақпараттармен қамтылған тәжірибелік жұмыстарды қатысушыларға ұсына білді. Семинарға қатысушы педагогтарда тәжірибелік алаңға белсене қатысып, отырды. Қорытынды бөлімде қатысушылармен пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.