Текст
Қысқы серуеннің негізгі мақсаты қыста далада уақытты көңілді өткізуге шанамен сырғанауға, қар лақтырып ойнауға, қардан кескіндер жасауға болатынына балалардың назарын аудару. Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, шапшаңдығын, табиғаттың әсемдігін көре білу икемділігін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, сезімдерін тәрбиелеу. Кіші " Балапан" тобы қысқы серуенде бөбекжай ауласында болатын өзгерістерді бақылап, қандай құбылыстар болатынына назар аударады. Тәрбиешінің көмегімен ойын алаңындағы қарларды тазалауға үйренеді және қардан аққала жасап қызықты уақыт өткізеді.