Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ортаңғы "Балдырған" тобында тәрбиеші Бошаева Риза Ермухамбетовнаның ұйымдастыруымен балаларды топ-топқа бөліп, Луллия шеңбері негізінде жасалған үстел үсті ойындарымен ойнатты. Ойын барысы балаларға түсіндіріліп, балалар қызығушылықпен ойнады. Луллия шеңберін ойнау арқылы балалардың логикалық ойлауы және өз бетінше, топтық жұмыс істеу белсенділігі артады, тілі дамиды. Белгілі бір сұраққа жауап табудан, мақсатқа жетуге талпынады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі баланың ой-қиялын, шығармашылық қиялын дамыту өте маңызды деп саналады.