МКҚК "Ақбота" бөбекжайының қазақ тілі мұғалімдері Бостанбаева Бахыт Асылбековна, Дүйсембай Аружан Бауржанқызы ағымдағы жылдың 09 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы "Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму институтында" "Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыретттіліктерін дамыту" тақырыбында біліктілікті арттыру курсында өз біліктерін көтерді. Курс тренері Жалмуханова Жанылсын Утегеновна мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды трансформациялау үшін қажетті өзгерістер бағытын айқындайтын модель жайлы, қазіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологияллық-педагогикалық аспектілерін толықтай түсіндірді. Қазақ тілі маманы Алькенова Ботагөз Хамзовна балалардың қазақ тілін үйренудегі пәндік-кеңістікті ортаны дамыту оқыту тақырыбында көптеген тың ақпараттар берді. Теорияларды оқып, жоба жұмысын қорғап, жаңа көптеген мәліметтерді игерді. Осы курс арқылы Linoit, Gambord тақталарымен жұмыс жасауға үйрендік. Өз жұмысымызға байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді игеріп, көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, өзіміздің тәжірибемізде қолданамыз. Осындай курстар арқылы біз өз білімімізді толықтай жетілдіріп, әдістемелік қорымызды байыттық десек те болады. Курс тренері Жалмуханова Жанылсын Утегеновнаға ризашылығымыз шексіз.