МКҚК «Ақбота» бөбекжайының II ересек «Көбелек» тобының тәрбиешісі Ибраева С.М ұйымдастыруымен тәрбиеленушілерімен Луллия шеңберін қолдануда ең тиімді, қызықты іс-әрекет өткізді. Луллия шеңберін қолдануда балалар топ-топқа бөлініп, суреттері туралы әңгімелесу сәті жүргізілді. Балалар өз ойларын сурет арқылы сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, «Ертегілер әлеміндегі» ертегілер атауларын атап шықты, бірінші топ ертегілер ішіндегі «Тырна мен түлкі ертегісін» әңгімелесе, іс- тәжірибеден өтуші Капбасова Диляра балалармен «Жануарлардың қорегін сәйкестендіру» іс-әрекетінде балалар суреттерді сәйкестендіре отырып, жануарлардың атауларын және олардың немен қоректенетіні туралы айтып берді. Айсултан түстерді сәйкестендірсе, Замиль көкөніс бөлшектерін сәйкестендіре білді. Бұл ойын әдістеріне балалалар қызығушылықпен қатыса білді.