Қазіргі кезде балалар ақпараттық – қатынастық құралдарды оңай игереді, яғни смартфон,компьютер, планшет т.б,. сондықтан оларды дәстүрлі көрнекілік құралдармен таң қалдыру қиын. Бірақ балаларды дәстүрлі көрнекілікті қызықтырарлықтай таңдап, ұйымдастыруымыз қажет. Балалардың тілін дамыту үдерісін түзету үшін қазіргі күнде өте көп әдістер, технологиялар бар. Мектепке дейінгі балаларға ең жақын, құмарлы, қолайлы қызмет ол – ойын. Ойын және тіл арасында екі жақты байланыс бар: бір жақтан баланың тілі ойында дамиды, белсендіріледі; екінші жақтан ойынның өзі тілдің ықпалы және толықтыруы арқылы жетілдіріледі. Қазіргі және қызықты оқыту әдістердің бірі “ Луллия шеңбер” деп атады. Құрылымының қарапайымдылығы үшін оны балабақшада қолдануға болады. Осы әдісті біз балалармен жұмыс жасауда қолдана бастадық және оны нәтижелі деп ойлаймыз. Бөбекжайда Луллия шеңберлері
қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, қарапайым математика , көркем әдебиет оқу қызметтерінде пайдалануға болады. Оны жеке де, топтық түрде де қолдануға болады. Педагог балаға оны «Сиқырлы шеңберлер» деп таныстырып, міндетті түрде жұмыс жасау барысын көрсетіп, ережесімен таныстырады. Мұнда педагог тек бақылаушының рөлін атқарады. Балалар өздері әрекеттесіп, кезектерін белгілеп, ізденіп жұмыс жасайды. Өз күшін, білімін байқауға, бақылап, бағалауға ынталанады. Білім беруде Луллия шеңберінің көмегі зор.