Текст
МКҚК "Ақбота"бөбекжайы кіші "Балапан" тобының тәрбиешілері балалармен күннің І-ші және ІІ- ші жартысында Луллия шеңберлерін қолданып, уақыттарын тиімді , пайдалы өткізуге тырысады. "Луллия шеңбері" бұл – компьютер тәрізді материал. Оның қарапайымдылығы бөбекжайда қолдануға мүмкіндік береді. Бұл материал екі шеңбер (пластина) және арнайы жасалған қораптан тұрады.
Бұл материалдың функциясы өте көп және ол ТРИЗ әдісіне жатады, ойын түрінде қолданылады. Оны жеке де, топтық түрде де қолдануға болады. Балалар өздері әрекеттесіп, кезектерін белгілеп, ізденіп жұмыс жасайды. Луллия шеңберлерін тәрбиешілер бала жасына сәйкес қылып, өз қолдарын жасап қолданады.