Мектепке дейінгі баланың ой-қиялын, шығармашылық қиялын дамыту өте маңызды деп саналады. “Луллия шеңберлері” деген әдісті мен өз жұмысымда белсенді қолданып жүремін, осы әдісті пайдалануды жақын таныстырайын. Осы ойынды 13-ғасырда француз монахі Раймунд Луллия ойлап шығарған. Әр түрлі диаметрдің ауқымдар ортақ өзекке тізбектелген, өзектің үстіңгі бөлігінде нұсқауы бекітіледі. Ауқымдар қозғалады, барлық ауқымдар бірдей секторларға бөлінеді. Ауқымды айналдырсақ, нұсқаудың астында керекті секторларға тоқталады. Луллия осы секторларға – суреттерді, сөздерді, нақыл сөздерді жазады, көрінген адам сұрақ қойып, өз сұрағына жауап алатын. Жауабын түсіну үшін ой-қиялдарын пайдаланып ұғады. Бөбекжайда Луллия шеңберлері – қатынас,таным, шығармашылық іс-әрекеттерінде пайдаланамыз,-дейді "Балбөбек" санаторлық тобының тәрбиешілері Атабаева А.С, Рспекова А.К