МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Шайкенова Күншашар Мукатаевна мен іс-тәжірибеден өтуші Капбасова Диляра ұйымдастырумен II ересек «Көбелек» тобының балалары күн тәртібі бойынша қысқы серуенге шықты. Қыс мезгіліндегі ойындар мен далада өткізілген жаттығу өте пайдалы, соның өзінде қимылды ойын қозғалыстарымен, дене қимылымен бала бұлшық еттері дамиды. II ересек «Көбелек» тобының балалары тәрбиешінің жетекшілігімен қимыл-қозғалысты мынадай ойындар ойнады. Қ/о:«Паравоз» ойыны. Шарты: бірінің артынан бірі тіркеліп тұрып паровоз сияқты жүреді. «Көңілді күн» сергіту сәтін жасады. «кім жылдам?» қимылды ойында екі топқа бөлініп, кішірек доптарды шеңбер ішіне жинады. Ойын қызығымен бала шаршағанын аңғармайды. Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу басуын қадағалап жүреді. Қыс мезгіліндегі ойындарды балалар қызығушылықпен ойнайды.