Текст
«Ақбота» бөбекжайында қазақ тілі мұғалімі Дүйсенбай Аружан Бауыржанқызы және музыка жетекшісі Шайкенова Әсемгүл Серғалиқызының ұйымдастырумен мектепалды «Құлыншақ» , «Қошақан» топтарының арасында «Қыстың қызықты күндері» атты ауладағы серуенге шықты. Қардан жасалған мүсіндермен қызықты ойындар ойнатылды. Балалар қызығушылық танытып, өз еріктерімен қыс мезгілі туралы тақпақтарын айтып берді. Бөбекжай ауласындағы ойнаған ойындарда көңілді би билеп, балалар өздеріне тамаша көңіл-күй сыйлай алды. Ауладағы серуен керемет кешке айналды.