МКҚК "Ақбота" бөбекжайы І ересек "Ботақан" тобында Жұмабай Гүлзи іс-тәжірибеден өту кезінде «Бағдаршам біздің досымыз» атты ойын – сауық өткізді. Бірінші балаларды бағдаршам мен жол ережелерімен таныстырды. Ойын – сауықты өткізу алдында балаларға жұмбақ жасырып, балалар жұмбақтың жауабын табу арқылы Бағдаршам қонаққа келеді. Бағдаршам өзімен бірге жаяу жүргіншілердің хатын әкеледі. Хаттың ішінде тапсырмалар, яғни "Бағдаршам құрастыр" ойыны болады. Ойында балалар бағдаршамды құрастырып, қай түс қандай мағына білдіретінін атап өтеді. Балалар бағдаршам туралы білетін тақпақтарын айтты. Балаларға ойын-сауық түсінікті болу үшін ойын өткізілді. Ойын кезінде балаларды кезекпен шығарып, жаяу жүргінші және көлік тізгіндеуші рольдері бөлініп беріліп, отырды. Түстерді мағынасымен көрсетіп, қай түсте кім жүру керектігі түсіндіріліп, рет ретімен жүріп отырды. Қорытындылау кезінде балалардан ойын – сауық барысында немен танысқанын (неше көзі?, неше түс? ) қандай мағына беретіндері сұралды. Қатысқан балаларға Бағдаршамның мақтауларымен мадақталды.