Текст
"Ақбота" бөбекжайындағы " Балбөбек" санаторлық тобында тәрбиешінің ұйымдастыруымен таңғы серуен кезінде балалармен "Қардың үстіндегі хоккей", "Тышқан мен мысық" қимылды ойындарды ойнады. Бұл ойындардың мақсат-міндеттері қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және балалардың жылдамдық, ептілік, төзімділік қабілеттерін шыңдау, көңіл-күйге қуаныш әсерін сыйлау. Ойындарды бастамас бұрын, бүлдіршіндер ойын-ережесімен танысып, екі топқа бөлініп, топтың аты, топ капитаны сайланды. Хоккей ойынын ұлдар беріле, қызығушылықпен ойнады. Қыздар оларға жанкүйер бола білді. "Тышқан мен мысық" ойыны балаларды мұқияттылыққа, шапшаңдыққа үйретті. Қысқы серуенде ссылай қимылды ойындар ойындар жалғасын тапты.