Текст
"Нұрсауле" тобының тәрбиеленушілері қысқы серуенде эстафеталық ойындар ойнады. Балалар екі топқа "Жұлдыздар", "Қырандар"болып бөлініп, "Кім жылдам?" эстафеталық ойынды ойнады. Ойынның шарты таяқтың көмегімен допты мәреге жеткізу және арбамен допты тезірек орнына әкелу. Екінші ойында шаңғымен жарысып,шанамен бір-біріне тартып, мәре-сәре болды. даладағы қимыл- қозғалыс ойындармен балалардыың денесі шынығады және шымыр болады. Қыс мезгілінде сергіту балалардың денсаулығына өте пайдалы.