Текст
Ұлттық ойындар - халқының ерте қалыптасқан дәстүрлі ойындарының бірі. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіп ,пайдалану шапшандылықтарын, денсаулықтарын шыңдауға пайдасы орасан зор. Соның бірі мектепалды "Қошақан" тобы балаларымен таңғы серуен кезінде "Ақ серек, Көк серек" ойыны ойнатылды. Балалар ойын ережесімен танысып, екі топқа бөлінді. Ойынды жақсы көңіл-күймен,қызығушылықпен ойнап шықты. Күнделікті қысқы серуен кезінде балалармен түрлі қимылды, сергіту ойындары ойнатылып тұрады.