Текст
«Ақбота» бөбекжайында музыка жетекшісі Шайкенова Әсемгүл Серғалиқызының ұйымдастырумен ортаңғы «Нұрсәуле», «Балдырған» топтарының арасында «Жүйрік болсаң – озық бол» атты ұлттық және қимылды ойындарымен спорттық іс-шара өткізілді.Ұлттық ойындар арқылы балалардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікті, Отанды ардақтап, қорғауға тәрбиелеу және қимылды ойындар арқылы шынықтыру, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды.
Іс-шара мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. «Жалаушалар» биін биледі . Екі топқа бөлініп, «Кім жылдам?», «Көңілді мәре», «Тұлпарым», «Арқан тарту» ойындары ойналды. Барлық балалар белсене қатысып, кызығушылық танытты.