Текст
Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Жаттығулар үлкендер көмегімен орындалады. Алғашында жеңіл түрінен басталып, күрделі түріне ауысады.
Тәрбиеші Уразбекова Гульмира Ануаровнаның жетекшілігімен І ересек «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері тыныс алу жаттығуларын жасады.
Бірінші кезекте балалармен «Сағат», «Әткеншек», «Толқын» және «Шаңсорғыш» дәстүрлі жаттығулары жасалды. Кейін түтікше, шар, сабын ерітіндісі және суреттер көмегімен дәстүрден тыс тыныс алу жаттығулары жасалды, олар балаларға ерекше ұнады.