Бүгін «Ақбота» бөбекжайында аудандық мектепке дейінгі мекеме педагогтарының №2 әдістемелік кеңесінің отырысы болып өтті. Әдістемелік кеңес отырысына мектепке дейінгі мекеменің әдіскерлері, меңгерушілері және мектепалды сыныптарының педагогтары қатысты. Күн тәртібінде Бурабай ауданы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бөлімінің әдіскері Кажкенова Алия Тулегеновна «Бурабай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі проблемалар мен перспективалар» атты тақырыпта баяндама жасап, Бурабай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі келешектегі жоспарлары мен қазіргі кемшіліктер жайлы айтып өтті. Конкабаева Салтанат Маликовна «Жас педагогтардың кәсіби қалыптасуы» тақырыбында жас тәрбиешілерге көмек беру, тәлімгерлер тағайындау жұмыстары жайлы ұсыныс, ақыл-кеңес берді. «Ромашка» бөбекжайының тәрбиешісі Литвиненко Зоя Николаевна «Өзекті педагогикалық тәжірибені жалпылау» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты. Бекенова Меруерт Джексенбековна мектепке дейінгі мекеменің әдіскерлері, меңгерушілері және мектепалды сыныптарының педагогтары арасында «Қазіргі заман әдіскерінің моделі» атты іскерлік ойынын жүргізді. Бұл іскерлік ойында педагогтар қазіргі заманғы әдіскерінің имиджі, тұлғалық, кәсіби өсуі жайлы пікір алмасып, «Әдіскер кім?» постерін қорғады.