МКҚК "Ақбота " бөбекжайында "Сиқырлы саусақтар " үйірмесінде Шолпан Муратбековнаның жетекшілігімен балаларды сауықтыру шаралары мақсатында арнайы көрнекіліктер жасау ұйымдастырылды. "Қошақан " тобының балалары қағаздағы дайын пілдің суретін қиып, артқы жағына түтікше мен пілдің тұмсығын желіммен бөлек жапсырды. Одан кейін суретті аударып , пілдің тұмсығын төменнен жоғары қарай домалатып орады. Ал " Құлыншақ " тобы балалары картондағы шынаяқты қиып алды. Шынаяқты жасыл дөңгелектермен әрлеп , оның артына ақ қағазды тігінен қаз қатар қиып жапсырды . Балалар өздері жасаған көрнекіліктерді тыныс алу жаттығуына қолданды . Балалар қалай дұрыс тыныс алу керектігін үйренді . Мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен шығару денсаулыққа пайдалы екенін ұғынды.