Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Егемендігім - елдігімнің белгісі»

11.01.2020

                                 «Егемендігім - елдігімнің  белгісі»

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!-

деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік қалары анық. Тәуелсіздік - халықтың үні,  ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы. Бүгінде  еліміз егемендік алып, Тәуелсіз Мемлекет болғанымызға мінекей 28 жыл болып қалыпты. Тәуелсіз Мемлекетте өмір сүріп жатқан елдің болашағы жас ұрпақ әлбетте бақытты.  Әрбір ұрпақтың өмірлері мәнді де сәнді болсын деген тілекпен Тәуелсіздік мерекесіне орай  Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында  барлық ортаңғы топтар арасында  «Егемендігім - елдігімнің  белгісі» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінен басталды. Одан кейін тәрбиешілер мен  бүлдіршіндер ата -бабаларымыздың рухына арнап бір минут үнсіздік жариялады. Сонымен қатар бүлдіршіндерге мультимедялық тақтадан Президенттің жолдауы мен тәуелсіздік жайлы ақпарат беріліп, рухани жаңғыру жайлы слайд көрсетіледі. Балалар  Тәуелсіздік күніне арналған  мерекелік жылы лебіздердін өлең-шумақтары арқылы жалғастырды. Сондай-ақ балалар хормен топ болып «О Туған жер!», «Біз бақытты баламыз», «Мереке бүгін бақ күні» атты әндерін фонограмма минуспен орындап берді. Қыздар тобы патриоттық рухта қазақ елінің мәртебесін  асқақтата отырып  «Туған жер» биін  биледі. Ұлдар тобы көтеріңкі көңіл күймен  «Мен қазақтың баласымын» атты биін тәуелсіздікке арнады. Жалпы ертеңгілік мақсаты бүлдіршіндерге еліміздің тарихы жайлы түсінік беріп, рәміздерімізді қастерлеуге үйрету.  Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға,  ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу болды. Ертеңгілік ойдағыдай өтіп бүлдіршіндер естелік ретінде  фото суретке түсті. Көк байрағымыз мәңгі көкте желбіреп, Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырларға төрлей берсін деген ниетпен ертеңгілік өз мәресіне жетті.

 

Музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовна

 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст