Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ортаңғы «Ботақан» тобымен «Мейірімділік –жарық күн» атты педагог-психолог Галеева Кунтай Амиргалиевна іс-шара өткізді. Аталған іс-шара мейірімділік, достық, махаббат, туралы слайдтан басталды. Сондай-ақ бүлдіршіндер шеңбер бойында тұрып «Алтын ақыл» атты мейірімділік сөздерін айтып көтеріңкі көңіл-күйден бастады. Сонымен қатар, балалар бұл іс-шарада қазақтың ұлттық ойыны «Тақия», «Асықты шеңберден ат», «Киіз үй құру» ойындары ойнатылды. Балалар позитивті қарым-қатынас жасай білді. Балалар «Қасиетті домбыра» әнін шырқап, ән терапиясы ойдағыдай өтті. Мереке барысында ұлдар алақандарымен ағашты бейнеледі, ал қыздар тобы күнге күн шуағын жабыстырды. Сондай-ақ іс-шара соңында мейірімділік туралы әр түрлі жағымды сөздерді айтты.