“Нұрсәуле” тобында күннің І және ІІ жартысында дәстүрлі емес сауықтыру шаралары өткізіліп отырады. “ Ойын ойнағанның ойы ұшқыр” -демекші, біз балаларды ойын қимылдарының барлық түріне саналы, белсенді түрде қатысуға баулып келеміз. Осы тұрғыда саусақ жаттығулары арқылы баланың қабілетін арттырып жатырмыз деген ойдамын. Мысалға, үйде кездесетін кез- келген заттан ойын түрін ұйымдастыруға болады. Осыған орай, біз бүгін бұранды қақпақтың көмегімен ақ бұршақты екі қолмен кезек-кезек салу ойынын ұйымдастырдық. Бұл жерде балалар бұранды қақпаққа жиналған дәндерді шашып алмаулары керек. Яғни бұл ойында зеректік пен байқағыштық қасиеттері де керек. Бұдан да басқа ойындар құрастырылып, алдағы уақытта балалармен ойнайтын боламыз,-дейді "Нұрсәуле" тобының тәрбиешісі Жанерке Ержановна.