Мектепалды «Қошақан» тобы балаларымен күнделікті күннің І және ІІ жартысында дәстүрлі емес сауықтыру шаралары жүргізіліп отырады. Соның бірі-саусақ жаттығуы. Саусақ жаттығуы - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар, мәдени шығармашылық техника.. Дәстүрлі емес технологияны пайдалана отырып, жасалған саусақ жаттығуы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер етеді және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта алады. Сонымен қатар, екі қолмен қатар сурет салу технологиясыда қазіргі нейро жаттығулардың техникасы деп те айтуға болады. Екі қолмен қатар сурет салу технологиясы – мидың екі жарты шарын бір мезетте іске жұмылдыру, ми талшықтарын ояту болып табылады. Әрі баланы тұлға ретінде қалыптастыруға және зейінін, ойлау қабілетін, қабылдауын тұрақтандыру мақсатында және ұсақ қол моторикасын дамытуға көмектеседі.