Текст
Іс-тәжірибеден өтуші Жұмабай Гүлзи І ересек "Ботақан" тобында «Бала тілінің дамуы» атты ата-аналар жиналысын өткізді. Қазіргі кезде өте өзекті мәселе "Бала тілінің дамуы" тақырыбын алып, ата-аналарға керекті мағлұматтар берді. Үзіліс жасап, аналарға "Өзіме, көршіме" сергіту сәтін өткізді. Сергіту сәтінде қызықты сұрақтар, ән шырқау болды. Табан арқылы қадам басып, аналар балаларының жақсы қасиеттерін айтып өтті. Кері байланыс үшін іс тәжірибеден өту кезіндегі суреттерден бейне есеп көрсетті. Қорытындылау кезінде ата-аналар алған әсерлерімен бөлісті.