Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

І ересек «Ботақан» тобында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Салт-дәстүрімізді сақтайық!» мерекелік іс-шара

03.03.2023

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының І ересек «Ботақан» тобында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Салт-дәстүрімізді сақтайық!» мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты ата-аналармен іс-шараға қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету және халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін тереңдете отырыпы,  Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылды.
Тобымыздың қыздары мерекеміздің басын әдемі «Қамажай» биімен ашты.  Іс-шараға Кәмеш Саяжанның отбасы және Ризабеков Алижанның отбасы қатысты. 
Отбасылар өз-өздерін таныстырып, балаларды «Тұсау кесу» салт-дәстүрімен таныстырды. Қатысушылар тәрбиешілердің дайындаған жұмбақтарын шешіп, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. «Біз өнерлі отбасы» кезеңінде Саяжан анасымен дайындаған тәтті тоқаштарды ұсынды. Алижанның анасы қазақтың қол өнері, құрақ көрпені тігіп әкелді.
Топтың ұлдарымен ұлттық ойындар «Қол күрес» пен «Арқан тартыс» ойнатылды. Соңында барлық балалар флешмоб биледі. Мерекелік іс-шарамыз көңілді өтті. Қатысқан ата-аналарға ризалығымызды білдіріп алғыс айтамыз.

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст