Текст
"Ақбота " бөбекжайының мектепалды "Қошақан" тобының тәрбиешісі Уалиева Ризагуль Сагандыковнаның жетекшілігімен «Рухани жаңғыру-ұлт құндылығы» айлығының аясында ата -аналармен "Қыз өссе, елдің көркі" атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараға тәрбиеленуші Естай Айзере мен Мүбарак Даяна есімді қыздар аналарымен қатысты. Бірінші кезеңде өлең жолдарымен, отбасылық суреттер арқылы таныстырса, екінші кезенде аналарымен қазақтың ұлттық тағамдарымен, жасалу жолдарын балаларға таныстырып өтті. "Мақал-сөздің мәйегі" кезеңінде мақал-мәтелдерді суреттер арқылы және әзіл сұрақтар арқылы да тауып айтты. Өз өнерлерін көрсету кезеңінде Айзере ән шырқаса, Даяна Абай Құнанбаевтің "Қыс" атты өлең шумағын мәнерлеп айтып берді.