Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында музыка жетекшілері Исенова Сымбат Төлеуғалиқызы мен Жалманбетова Райхан Темирбулатовналар ұйымдастырған «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты педагогтар мен тәрбиешілер арасында мерекелік байқау өткізілді. Байқаудың басты мақсаты рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Біздер өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтың ұлттық санасын ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру болып табылды. Байқау 4 кезеңге бөлінді.
1. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» сұрақ-жауап кезеңі.
2. «Тату үйдің тамағы тәтті» (отбасында дайындалатын ұлттық тағам құрт–көже дайындау).
3. «Дәм-думан» кезеңі (әдемі етіп қамыр жазу.)
4. «Сағындырған әндер -ай» әр топ кез келген қалаған халық әндерін караокемен орындап беру болды.
Байқауды бастамас бұрын, педагогтар мен тәрбиешілерді «Асылдар» тобы және «Шеберлер» тобы болып екіге бөлініп, байқау барысында ұжым сұрақ-жауаптарға өте белсенді жауап беріп, көңілдері көтеріңкі болды. Жалпы Рухани жаңғыруға байланысты мерекелік байқауымыз өте керемет өтті.