Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының кіші "Балапан" тобында 8 наурыз аналар, арулар күніне орай "Ән саламын ана деп" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар әже туралы ән айтып, жаттаған тақпақтарын айтты, би биледі. Мерекеге қонақ болып Көктем аруы, Қызыл телпек және Аю келді. Олар балалармен ойын ойнап, өнерлерін тамашалады. Балалар өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыстап, ертеңгілік көңілді аяқталды.