Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен "Ақбота" бөбекжайының ұжымын шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, бөбекжайымыздың өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, бөбекжайдағы тәрбиеленушілерімізге халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз!
Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.
Әркез Сіздермен бірге жеке сүйіспеншілік, көктемнің шырайлы шуағы бола берсін. Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын! ізгі тілекпен "Ақбота" бөбекжайының кәсіподақ ұйымы.